news-img

El Úmiti өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджердерді даярлау  бағдарламасының қатысушылары өзгерістерді бақылау мен кәсіпкерлікті трансформациялау  мәселесі бойынша халықаралық Change Makers Summit саммитіне қатысты.

Онлайн шараға отандық және шетелдік спикерлер қатысты, олардың арасында Conner Partners президенті «Өзгерістерді жылдамдықпен басқару», «Аласапыран уақыттағы көшбасшылық» кітаптарының авторы Дэрил Коннер де бар.  

Ал Қазақстандық спикерлер болса, «Денсаулық сақтау», «Құрылыс саласы», «Білім және ғылым», «Сауда және логистика» салалары бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.  

Қанат Төсекбаевтың «Денсаулық сақтау» тобы МЖӘ-нің  мәселелерін шешумен айналысады. Ол өз сөзінде, инвестициялар көлемінің биылғы жылды қоспағанда  2016 жылдан бері тұрақты өсімді көрсеткенін айтып кетті. Алайда, МЖӘ құрылымы кәсіпкерлер арасында аса үлкен табысқа ие болмай отыр. Зерттеулер көрсеткендей, кәсіпкерлердің жартысынан көбі оған құжаттарды тапсыруды күрделі деп есептесе, ал 44%- ы МЖӘ-ға мүлде мүдделі емес.

Топ сонымен қатар тарифтерді белгілеуді жетілдіруді , МЖӘ жобаларының  бірыңғай операторын құруды, 30–30–40 сызбасымен және МЖӘ-нің қызмет көрсетуі бойынша  сенімгерлік мүмкіндіктерін  құруды ұсынды.

«Білім және ғылым» тобының көшбасшысы  Халида Әжіғұлова БҒМ-нің  басты 3 негізгі міндетін атап өтті:  Ғылымның зияткерлік әлеуетін арттыру, ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту мен сандық жаңарту , ғылыми әдістемелердің нәтижелігін арттыру мен бизнес интеграцияны қамтамасыз ету.

 «Құрылыс» тобының көшбасшысы Серікжан Мергенбаев заңнамаға «корпоративтік деңгейдегі мүдделер қақтығысы» ұғымын  енгізу қажеттілігін атап өтті.

- Біз нарықта біріккен  мердігерлік ұйымдардың  техникалық  қадағалау мен авторлық  қадағалауға бара жатқанын көріп отырмыз. Барлық ұйымдардың бірігуі орын алуда. Сондықтан біз  «корпоративті деңгейдегі  мүдделер қақтығысы» ұғымын енгізуді ұсынамыз. Бізде мемлекеттік  қызметкерлерге қатысты «мүдделер қақтығысы» деген ұғым бар, бірақ корпаративтік  деңгейде ол жоқ. Сол кезде біз біріккен ұйымдарды  азайтамыз және сыбайлас жемқорлыққа жол бермейміз, - деп айтып кетті Серікжан Мергенбаев.

 «Сауда және логистика» бағытында жұмыс істейтін топ басшысы Айнұр Әмірбекова қызметтер экспортын, сауда мен сауда инфрақұрылымдарын   дамыту  Қазақстан ұстанған ұстанымды жақсарту мәселелерін шешу үшін жұмыс істейді, сол себепті логистика тиімділігі  индексінде үш топ тартылғанын атап кетті . Бүгінгі таңда  Қазақстанның ЖІӨ құрылымында  көрсетілетін қызметтер  үлесі бар -жоғы - 4,3%-ды құрайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш - 30%-ға жетеді. Топ салаға  талдау жасай келе, қазақстандық IT  нарығының жетекші сарапшыларымен сұхбат жүргізіп, мынадай қортындыға келді: экспортты дамыту мәселелері білікті мамандардың жетіспеушілігінен, идеялар мен технологиялардың болмауы, қатысушылардың  экожүйесінің  жетіспеушілігі мәселесінде жатыр деген шешімге келді.

Түсініктеме қалдыру