news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өңірлердегі күндері әрқашан мазмұнды бағдарламасымен ерекшеленеді. Биыл ол белсенді ҮЕҰ, ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау жөніндегі іс-шараларды, өз ісінің мамандары мен жастардың қызықты кездесулерін, кәсіби, жеке және зияткерлік даму бойынша тренингтерді және т.б. қамтиды.

2023 жылғы 30-31 наурызда Қор күндері Абай облысының Семей қаласында өтуде. «Біздің ұйым 23 жылдан бері ғылымда, мәдениетте және инновацияда талантты жастарды қолдауға бағытталған ондаған жобаны іске асырып келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарды да белсенді қолдаймыз. Аймақтарда Samruk-Kazyna Trust қорымен және «Қазақстан халқына» қорымен бірлесе ашылған «Қамқорлық» оңалту орталықтары ерекше қажеттілігі бар он мыңдаған балалар үшін ерекше маңызға ие», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы оқушылармен, студенттермен және басшылықпен №6 гимназияда кездесу кезінде.

Әлкей Марғұланұлының айтуынша, қазірдің өзінде 15 оңалту орталығы, 7 ерте араласу орталығы және 16 инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Биыл тағы 6 оңалту орталығы, 13 ерте араласу орталығы, аутизмі бар балаларға арналған 8 орталық ашылады.

Жыл сайын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жас ақындар мен жазушыларды ынталандырады, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған шығармашылық фестивальдар өткізеді, жас бағдарламашыларға, робототехниктерге, суретшілерге шеберлік дәрісін, мұқтаж отбасыларға қайырымдылық акциясын ұйымдастырады.

Республика бойынша 2020 жылдан бастап «Мың бала» олимпиадасына ауыл мектептерінің 590 мыңнан астам оқушысы қатысты. Үш жыл ішінде олимпиаданың 3000 жеңімпазы анықталды, олардың 960-ы дарынды балаларға арналған мектептерге қабылданды, тағы 5000-ға жуығы онлайн форматта қосымша білім алып жүр.

Соңғы үш жылда «Елбасы Медалі» жобасының 1928 үздік қатысушысы мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды, олардың 30%-дан астамы ауыл мектептерінің түлектері.

Жыл сайын еліміздің ондаған үздік студенті Нұрсұлтан Назарбаев Қорынан атаулы шәкіртақы алады.

Дебат жүргізу және қатысу бойынша қаланың оқушыларына мен студенттеріне арналған шеберлік дәрістері басталды.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «El umiti» Қорпоративтік қоры (ҚҚ)  еліміздің пікірталас қозғалысын қолдауға белсенді атсалысып отыр. Пікірсайыс турнирін ұйымдастыра отырып, ҚҚ патриотизм, жастардың дамуы, сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәселелерін көтереді. 2 жыл ішінде Қор Қазақстанның барлық өңірінің дебатерлерімен өзара іс-қимылды нығайта алды.

Семей №6 гимназиядағы тренингтер барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу дағдысы, мазмұнды пікірталастарды қалыптастыру мүмкіндігі жайлы ақпарат алды, пікірсайыс форматы туралы білді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндерін өткізу кезінде «El umiti»  Корпоративтік қорының жобасын таныстыруға көңіл бөлінді. Осыған арналған №3 гимназияда жастармен кездесу өтті. Қор мамандары «Мың бала», «Smart Ustaz», «Тәуелсіздік дәуірі» и «Birge oqu» жобалары, «Qabilet» диагностикалау қызметі мен оқушыларды білімді, табысты болуға ынталандыратын және білім алу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын көптеген өзге де жоба туралы айтып берді.

Әлкей Марғұланұлы «Семей қаласындағы медицина университетінің құрылғанына 70 жыл және шетелдік бөлімшенің ашылуына 25 жыл» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Мұнда әйгілі британдық FIRST баспасының «Әлем адамы» кітаптары университет кітапханасына сыйға тартылды.

Туындыда Қазақстанның тәуелсіз даму жолындағы маңызды кезең, соның бірі ядролық полигонның жабылуы және еліміздің ядролық қарудан ерікті түрде бас тартуы егжей-тегжейлі жазылған.

Королева Елизавета II, АҚШ-тың экс-президенттері Билл Клинтон мен Барак Обаманың, БҰҰ сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мунның және т.б. пікірлері кітаптың негізгі бөлігі, онда әлемдік көшбасшылар мен саяси қайраткерлер Қазақстанның және Тұңғыш Президенттің бейбіт бастамаларының қауіпсіз әлем құруға қосқан үлесін мойындайды.

Елдердің қақтығысына, қару-жарақ жарысына және сәйкесінше ядролық қауіптің артуына байланысты әлемдегі қазіргі оқиғалар кезінде басылымның өзектілігі артып отыр.

Мектептер мен жоғары оқу орындарына бейімделген арнайы басылым төл тарихқа қызығушылық танытқан жастарға ядролық қарудың салдарын ұмытпауға септігін тигізеді. Кітаптың өскелең ұрпақ үшін құндылығы осында.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметі

87783568138 - Азамат Сүлейменов

Түсініктеме қалдыру