Режиссер Дамир Уразымбетов әлемдік премьера- Қорқыт туралы балетті ұсынды
2019 жылдың 21 маусымы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында әлемдік премьера өтті. Көрермендерге Дамир Уразымбетовтың қойылымы- дүние жүзіне танымал балет Булат Аюхановтың орындауындағы «Қорқыт саяхаттары» ұлттық балеттік спектаклі ұсынылды. Жобаға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасының Қоры қолдау көрсетті.
2019 жылдың 21 маусымы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында әлемдік премьера өтті. Көрермендерге Дамир Уразымбетовтың қойылымы- дүние жүзіне танымал балет Булат Аюхановтың орындауындағы «Қорқыт саяхаттары» ұлттық балеттік спектаклі ұсынылды. Жобаға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасының Қоры қолдау көрсетті.
Кәсіби хореографиялық өнердің 85 жылы ішінде Қазақстанда жиырма-ға жуық ұлттық балет құрылды. Жастар жылы аясында еліміздің музыкалық театрының тарихында тұңғыш рет Қорқыт ата туралы спектакль қойылды. Қойылым Алматы жұртшылығы арасында бұрын-соңды болмаған дүрлікпе тудырды. Адамдар премьераны көру үшін басқа қалалардан келді. Абай атындағы опера және балет театрының залы толы болды.
Спектакльді ҚазКСР Халық әртісі Болат Аюхановтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры орындады. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы бұл театр еліміз бойынша, оның түпкір-түпкіріне үнемі гастроль жасап отыратын ұжымдардың бірі бола отырып, Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің балет өнеріне өз үлесін қосып келеді.
"Қорқыт саяхаттары" ұлттық балетін құрған театр режиссері және хореограф- Алматыда, Нұр — сұлтан мен Санкт-Петербургте балет және драмалық спектакльдердің, театрланған қойылымдардың, концерттік бағдарламалардың, хореографиялық миниатюралардың авторы Дамир Уразымбетов болды. «Қорқыт тақырыбы- мәңгілік образ. Ол туралы балет Қазақстанның мәдениет кеңістігінде міндетті түрде пайда болуы керек еді, және бізде бұл алғашқы. Бізге көмектескен және қолдау көрсеткен адамдардың барлығына рахмет. Біздің спектакль- бұл көптеген адамдардың үлкен еңбегі. Қорқыт жұмақты іздеп, өз халқы үшін ең жақсы жерді кздеп саяхат шекті. Осы спектакль арқылы біз оған құрмет көрсеттік», — деді Дамир Уразымбетов премьера алдындағы баспасөз конференциясында.
Басты партияны орындаушы Дияр Акенов спектакльмен жұмыс істеуден алған әсерлерін бөлісті: «Процесс мені жақсы мағынада, шым-шытырық, өте шығармашылық толқынға бөледі. Қорқыт туралы барлық білімдерімді хореографиялық арнаға салып, қажетті пластиканы тауып, маған ұнайтын музыкалық материалға айналдыру керек болды. Спектакльге дайындық уақыты адреналинмен ұшып өтті. Жасарғаным ба, қартайғаным ба, бірақ толыққанды жан-тәніммен шығармашылықпен өмір сүретінімді сездім. Дамир Дуйсенович — қоюшы режиссер- біздің труппаға құйын тәрізді келді. Онымен жұмыс істеу жайлы болды, бұл таза ауаны жұтқан секілді. Ол өзінің құлшынысымен барлық труппаны қуаттандырды және жұқтырды. Біздің көрермендерге жылы қабылдағандарына, түсініп бізге аямай қол шапалақтағандарына рахмет».
Халық аңыздарына негізделген спектакльде режиссер адам болмысының түрлі жақтарын қозғады. Қорқыттың өмір жолы оған төрт жолды ашты, олардың әрқайсысында ол тұлғаның рухани дүниесінің бұзылуын көрді. Күдіктер мен көңілсіздікті еңсере отырып, орта ғасырдан қазіргі заманға дейін еліктеушілік пен мәңгілік өмірге шынайы жол тауып, алғашқы бақсы-шамандардың бірі, қобыздың атасы болды.
«Жер бетінің көптеген халықтарының әңгіме-аңыздарында музыка- бұл адамдарға күш, денсаулық беретін, тіпті өлімнен құтқаратын құдайдың құдыреті. Ұлы даланың ежелгі мекендеушілері музыканың емдік қасиетін білген, және қазақстан біздің уақытқа дейін өзінің бар өмірін адамдарға деген мәңгілік өмірді іздеумен өткізген ұлы Қорқыт жайлы ертегі-аңыздарды жеткізген. Әлемнің барлық төрт жағын айналып өтіп, өлімнің барлық жерде болатынына көз жеткізіп, Қорқыт киелі қобыз жасайды, оның дыбысы жер бетіндегі барлық тірі адамдарды өлімнен қорғайды. Сахнада ата-бабаларымыздың ұлы аңыздарының бірі (ұзақтығы бойынша емес, ойдың тереңдігі мен ауқымдылығы бойынша) қайта жаңғырғаны керемет. Балетті құрушылар Қорқыттан музыканың күші туралы тағы бір әдемі әңгімені ғана көріп қоймай, осы көне аңыздан замандастарға деген қауіпті ескертуді ести алды. Авторлар- ХХІ ғасырдың адамдары, өлімнің адамға қантөгіс қаупін төндірмей, «бейбіт» кейіптер қабылдай алатындығын айтады. Бұл-діни сектанттық, байлық пен билікке деген құлшыныс, бұзылғандық және тіпті адамдарды, өзінің тәнін сақтай отырып, рухани өлетін роботтарға айналдыратын ғылым. Шығармашылық түсіндірілген аңыз Қорқытты бізге жанның өліміне апаратын жолдар туралы ескертетін біздің замандасымыз, қорғаушымыз етті», — деп есептейді өнертану докторы, профессор Асия Мухамбетова.
«Тарихи сюжеттер оның өмір шындығы, бұл адамдардың шынайы өмірде болғандығымен қызықты. Мен тарихи сюжеттердіғ классиканы— Шекспир, Толстой, Абай, Айтматовты жақсы көремін. Жаңа қойылымдар- бұл әрқашан алға қадам. Дамир- өте қабілетті жігіт, әрекетшіл, әдемі көрсетеді және билейді. Маған барлығы өте музыкалды қойылғаны жақты. Бұл мені қуантады. Жаңа материалдың барлығының жүрегінде қалуын тілеймін», — деп спектакль туралы әсерімен бөлісті ҚазКСР халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының көркемдік жетекшісі.
Спектакльді құруға жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының конкурстары мен жобаларымен қолдау көрсетілетін қазақстандық жастар командасы қатысты. Қордың миссиясы қазақстандық қоғамның шексіз әлеуетін дамыту болып табылады. Тұңғыш Президент қоры жүйелі негізде жас таланттарға ғылымда да, мәдениетте де көмектеседі, кәсіби даму үшін алаңдарды ұйымдастырып, конкурстық бағдарламаларды іске асырып, жастарға арналған бастамалар мен жобаларды қолдайды.
Спектакль Қорқыттың, Ықыластың, «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің музыкасына қойылды. Қобызбен жеке орындаған Максат Медеубек. Дамир Уразымбетовтың халық аңыздары желесімен жазған либреттосын ҚР Президентінің Мемлекеттік шәкіртақысын иеленуші Роман Жуков дыбыстады. Костюмдерді суретші, «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының лауреаты Любовь Возженикова жасады. Проекцияларға арналған фондық картиналарды Полина Салаватова салды. Спектакль үшін арнайы Пушкин төсбелгісінің иегері, «Құрмет» орденінің иегері епископ Геннадий «Қорқыт» өлеңін жазды. Ресми ақпараттық серіктес Қазақстанның хореографиялық өнері туралы ғылыми-танымал журнал «Qazaq Ballet» болды.
ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі
PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 727 2700 641, +7 708 960 56 13
a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz
ҚР МАБТ әкімшілігі
Бас әкімші Елена Толмачева
+7 707 360 58 00