«Myń bala» Ұлттық олимпиадасының қатысушылары үшін маңызды ақпарат
Құрметті ата-аналар мен «Myń bala» олимпиада қатысушылары! ІІ кезең 2020 жылы 6-7 тамыз күндері өтеді.
Барлық қатысушыларды жадынама мен компьютерлік тестілеу үлгілерімен (қоса тіркелген) танысуларын сұраймыз.
«Myń bala» Ұлттық олимпиадасының екінші кезең қатысушыларына арналған жадынама
Екінші кезеңнің барлық қатысушылары белгіленген Назарбаев Зияткерлік мектебінде Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 09:00-де болуы керек. Оқушылар өздерімен бірге медицианалық маска мен қағаз немесе электрондық форматтағы туу туралы куәліктің көшірмесін ала келулері керек.
Екінші кезең қатысушыларын Назарбаев Зияткерлік мектептеріне тасымалдауды жергілікті атқарушы органдар (Білім басқармалары) қамтамасыз етеді. Сынақ өтетін орынға жету туралы ақпаратты алу үшін мектеп әкімшілігіне жүгіну керек.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін өтеді. Кешігіп келген оқушылар тестілеуге жіберілмейді.
Оқушыларды тестілеу нұсқаулыққа бөлінген уақытты қоса алғанда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі. Тестілеу процесі ата-аналармен мен мүдделі тұлғалардың көруі үшін онлайн трансляциямен қатар жүргізіледі. Онлайн трансляция сілтемесі fpp.kz сайтына жарияланады.
«Myń bala» Ұлттық олимпиадасының екінші кезеңіне қатысушыларды тестілеу күні Назарбаев Зияткерлік мектептерінен тасымалдауды Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 13:00-ге дейін жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Функционалдық сауаттылық пен абстарктілі-логикалық ойлауды бағалайтын компьютерлік тестілеу нәтижесі бойынша екінші кезеңде 5 және 6-сынып оқушыларынан 1000 бала іріктеледі.
Екінші кезеңді қорытындылау ұпайларды саралау және ел бойынша үздік 1000 оқушыны іріктеп алумен жүзеге асырылады.
Тестілеудің ең жоғарғы ұпайы – 100 балл.
Қайта тестілеу және апелляцияға беру қарастырылмаған. Оқушы жауаптарының нәтижелерін өңдеу әр тапсырманың қиындық деңгейін анықтайтын және тест бөлімі үшін жалпы баллдағы үлесін есептейтін автоматтандырылған статистикалық және психометриялық талдау арқылы өтеді. Бұл тәсіл нәтижелердің объективті және сенімді бағалануын қамтамасыз етеді.
Олимпиаданың 1000 жеңімпаз-оқушылардың тізімі екінші кезең өткен мерзімнен бастап 14 күннен кейін www.fpp.kz сайтына жарияланады.
Төмендегі сілтемелер арқылы компьютерлік тестілеу үлгілерін жүктеп алуға болады:
5-сынып үшін тапсырмалар үлгісі (қазақ тілінде)
5-сынып үшін тапсырмалар үлгісі (орыс тілінде)
6-сынып үшін тапсырмалар үлгісі (қазақ тілінде)
6-сынып үшін тапсырмалар үлгісі (орыс тілінде)
6-шы сынып 2-ші кезең бойынша тестілеуі қай күні тапсырылады?
Тесттен өткен жағдайда қандай жеңілдіктер қарастырылған? Дарын мектептеріне жолдама ала ала ма?