news-img

АЛМАТЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 17.06.20 – Денсаулық сақтау жүйесі алдындағы сын-қатерлер, адам құқығы, балаларды буллингтен қорғау және гендерлік теңдік «ПостCOVID-19: мемлекет пен қоғамның трансформациясы» дөңгелек үстелінде талқыланған негізгі тақырыптар, Онлайн-кездесуді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес ұйымдастырды. Қордың YouTube-арнасындағы тікелей эфирде мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ғалымдар мен сарапшылар COVID-19 постпандемиясы кезеңінде қоғамдық құндылықтардың дамуын талқылады.

Пандемия кезеңінде үйдегі зорлық-зомбылық, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, кибербуллинг, киберқылмыс, жұмыссыздықтың өсуі сияқты әлеуметтік проблемалар сыртқа шығып, күшейе түсті, ал  бюджет қызметкерлерінің, атап айтқанда, мұғалімдердің, дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қызметіне қосымша жүктеме артылды Осының бәрі социумның әлеуметтік өзара іс-қимылдың, адамдардың өмір салтының, мәдениет пен саясаттың жаңа жағдайларына бейімделуі контекстінде үйреншікті құндылықтар мен сенімдерді қайта қарастыру үшін негіз болды.

Ұлт дамуының «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының өзектілігі әлеуметтік-мәдени дағдарысты және өзге де әлеуметтік проблемаларды еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу ниеттері мен қазіргі шындық тұрғысынан сараптамалық пікірталасты және мемлекет пен қоғамның алдағы онжылдыққа трансформациялануын ғылыми талдауды ұйымдастыруға себеп болды.

Дөңгелек үстел модераторы – сарапшы, экономика ғылымдарының кандидаты Жанар Темірбекова өз сөзінде пікірталасқа қатысушылар – азаматтық қоғам, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен академиялық топтардың өкілдері пандемиядан туындаған әлеуметтік және экономикалық мәселелерді талқылау және талдау үшін жиналып, оларды шешу ортақ күшжігерді біріктіруді талап ететіндігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов қоршаған ортаның күрт өзгеретін жағдайларына табысты бейімделу үшін мәдениетке, мінез-құлық нормалары мен адамгершілік көзқарастарға негізделген құндылықтар мен мінез-құлық практикаларының белгілі бір жиынтығы қажет екенін атап өтті.

- Қазақстанда мұндай негіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру» – қоғамдық  сананы жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған. Өзінің маңыздылығы, ішкі мазмұны және қойылған міндеттердің ауқымдылығы бойынша бұл құжат Қазақстан тарихының жылнамасына жазылған, - деп жалғастырды сөзін И. Рогов. – Жаңғырту – бұл  әлеуметтік-мәдени феномен, оның артында адамның тиісті дүниетанымы, оның қоршаған әлемді және өзінің ондағы орнын түсіну, мінез-құлық мотивациясы мен стилі, құндылық бағдарлары мен мәдени артықшылықтардың игерілген жүйесі, қоғамдық, оның ішінде өмірдің саяси формалары, құқықтар мен міндеттердің белгілі бір жүйесі тұр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жаңғыртуды жүйенің ауысуын білдірмейтін, бірақ мемлекеттің серпінді дамуы мақсатында қолда бар әлеуетті жұмылдыратын іргелі өзгерістер процесі ретінде бөліп көрсетеді.

Сараптамалық кездесуде негізгі баяндамашылар ретінде Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңесінің басшысы, Елші Дьердь Сабо, Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұржан Әлтаев пен Ирина Смирнова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек, Балалардың өміршеңдігі жөніндегі ЮНИСЕФ бағдарламасының үйлестірушісі Анна Стативкина, әлеуметтік ғылымдар докторы Гүлмира Әбдірайымова бастаған Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес мүшелері қатысты.

Қор жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес мүшесі, медицина ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебінің директоры Айнаш Ошыбаева  COVID-19 пандемиясының денсаулық сақтау жүйесінің алдына қойған сын-қатерлері туралы баяндама жасады. Баяндама барысында ғалым пандемия экономиканың барлық секторларына және дамудың барлық салаларына – қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мемлекеттік басқарудан бастап тиімді дағдарыс коммуникациялары мен елдердің экономикалық саясатына дейін қауіп төндіргенін көрсетті.

Сондай-ақ сарапшы Қазақстанның денсаулық сақтау саласыда орын алған  проблемаларды да сөз етті. Атап айтқанда, бұл коронавирустық инфекцияға жаппай тестілеу өткізудің кеш басталуы, жеке қорғану құралдарының (ЖҚҚ) және антисептиктердің тапшылығы, медицина кадрларының, әсіресе санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлердің тапшылығы, қаржыландыру мен оқыту жоспарында инфекциялық аурулардың басымдыққа ие болмауы, медицина қызметкерлеріне қолдаудың жеткіліксіз болуы, ТЖ жағдайында медициналық көмек көрсетудің пысықталған алгоритімінің болмауы.

Ғылым жөніндегі кеңестің келесі мүшесі Жанар Темірбекованың баяндамасы COVID-19 пандемиясы жағдайындағы гендерлік теңдік мәселесіне арналды. Сарапшы аурудың өршуі әйелдер мен ерлердің өміріне әртүрлі әсер ететінін және пандемия әйелдер мен қыздарға қатысты гендерлік теңсіздікті күшейте түскенін атап өтті.

Адам құқықтары жөніндегі ғалым Халида Әжіғұлова төтенше жағдай кезінде әдетте зардап шегетін және зорлық-зомбылықтың куәгері балалары болатын отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың саны 25% - ға артқанын атап өтті. Ол әлемде, сондай-ақ Қазақстанда Street Law Kazakhstan жобасының негізінде жүзеге асырылатын құқықтық білім беру арқылы балаларды зорлық-зомбылықтан және кибербуллингтен қорғау жөніндегі идеяларды ұсынды.

Кездесу соңында денсаулық сақтау, адам құқықтары және гендерлік теңдік саласында шаралар кешені ұсынылды. Ғалымдар мен сарапшылардың ұсынымдарын республикалық және өңірлік билік органдары, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар, денсаулық сақтау саласының өкілдері қолдана алады.

Денсаулық сақтау:

  • Мемлекет төтенше жағдайға дайын болуы керек, ТЖ кезіндегі біртекті әрекет алгоритмдері және ЖҚҚ қоры жеткілікті деңгейде болуы тиіс. Халық денсаулығына әсер ететін барлық салаларды: өнеркәсіп, азық-түлік, көлік, сондай-ақ қалалық даму саласын біріктіретін сенімді «денсаулық жүйесі» қажет.
  • Үкімет деңгейінде денсаулық сақтау саласы ғылыми сала түсінігін  қалыптасу керек.
  • Клиникалардың негізгі құралдарын жаңарту, жаңа технологияларды енгізу және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін өңірлік медициналық туризм орталығы ретінде дамыту қажет, бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің сапасын және оларға халықаралық сұранысты арттыратын болады.
  • Фармацевтикалық саланы дамыту. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес, тұтынылатын дәрілік заттардың кемінде 40% - ы ел ішінде өндірілуі тиіс. Өндірістің осы деңгейін қолдау қиын жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен үздіксіз  қамтамасыз ету тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік мәселесі  болуы тиіс.

Гендерлік теңдік:

Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымының гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі ұсынымдары негізінде ұсынылады.

  • Пандемиямен күреске тартылған дәрігерлер мен медбикелердің қажеттілігін есепке алу.
  • «Жедел желі» қызметінің  үздіксіз жұмысын және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына көмек көрсететін қызметтердің қолжетімдігін қамтамасыз ету.  Құқық қорғау органдары зардап шеккендердің қоңырауларынан кейін жедел әрекет етуге  дайын болуы керек.
  • Әйелдер душар болатын барлық жағдайларды есепке алып,  , сондай-ақ отбасы мүшелерінің жағдайын жасауды қоса алғанда  тұрмыстық экономиканың ерекшеліктерін ескеріп әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қаржыландыруды көбейту.
  • Экономиканы қалпына келтіруге бағытталған шешімдер қабылдау процесіне және жауап беру шараларына  әйелдерді тарту. Шешімдер жергілікті, өңірлік немесе республикалық деңгейлерде қабылданатынына қарамастан  әйелдердің осы шараларға қатысуы әрдайым оң нәтижелерге әкеледі.
  • Отбасында қалыптасқан жағдайды ескеру және әйелдер мен ерлер арасында үйдегі қамқорлық пен міндеттер ауыртпалығын тең бөлуге ықпал ету. Қалыптасқан стереотиптерді жою және гендерлік рөлдерді қайта қарау үшін «He for She» үлгісі бойынша гендерлік тең құқықтыққа шақыратын көшбасшы ерлер арасында челлендж ұйымдастыру.

Адам құқығы:

  • Адам құқықтарының құндылықтарын оқытуды 0-1-сыныптан бастап енгізу: балалар адам құқықтарын неге құрметтеу керектігін, неге зорлық-зомбылық жасауға болмайтынын түсінуі және өзін зорлық-зомбылықтан қалай қорғау керектігін білуі тиіс.
  • Буллинг пен киберубуллингтің алдын алу мақсатында мектептерге мектеп саясатын қабылдау ұсынылады: мінез-құлықтың антибуллинг кодексі, мектептерге арналған антибуллинг саясаты және ата-аналарға арналған антибуллинг жадынамасы.

Барлық құралдар қазақ және орыс тілдерінде сілтеме бойынша қол жетімді:  https://drive.google.com/open?id=1-zDZLldJmwRneOMhxvgGoRhiPL-c5mHU

  • Қызығушылық танытқан мектептер үшін Street Law Kazakhstan жобасының тарапынан  балаларды буллинг пен кибербуллингтен қорғау тренингтері тегін өткізіледі.

Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары сарапшылар көтерген мәселелердің маңыздылығын атап өтті.  Мысалы, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар Кеңсесінің Басшысы, Елші Дьерд Сабо талқыланатын күн тәртібі бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін айтып, барлық қатысушыларды күш-жігерді біріктіруге, ал қажет болған жағдайда осы жылдың өзінде бірлескен жобаларды әзірлеуге шақырды. Елшінің бастамасын ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қолдады, ол Street Law Kazakhstan жобасының буллинг пен кибербуллингтен қорғаудағы маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Арғынғазин пікірталасты қорытындылай келе, ұйымдастырушылар мен ғалымдарға азаматтық қоғамды, қазақстандық білім беруді және қазіргі жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту жөніндегі идеялар мен ұсыныстар үшін алғысын білдірді. Министрлік өкілі сондай-ақ министрліктің білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және оларды жою бойынша тиімді шешімдерді бірлесіп іздеу үшін бірлесе әрекет етуге дайын екендігін атап өтті.

Дөңгелек үстел трансляциясының толық нұсқасы:  https://www.youtube.com/watch?v=3_eKcxDERG8

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматы қаласындағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 708 960 56 13
pr.zhumashev@gmail.com

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Қазақстан республикасының депуттатары мен ғалымдары Covid-19 кезіндегі қоғамдық даму салалары жайлы сұзбаттасқан болатын, Олар Адам құқығы жайлы, денсаулық жайлы әңгімелесті