Инклюзивті фитнес орталығы
![contest-img](https://ff.fnn.kz/yiiksquk/wogoueua/kuquisga/b18fac92c09d3f7635c6cb73cabbf6246364b30bac75d.jpg)
Ақмола облысы Қабанбай батыр ауылында 7,5 мыңға жуық адам тұрады, оның 80-нен астамы мүмкіндігі шектеулі жандар. Осы ауылда және жақын маңдағы елді-мекендерде бүгінге дейін дене шынықтырып, спортпен шұғылданатын жер болған жоқ.
Екі залы бар инклюзивті фитнес-орталық - кәсіби спорттық құрал-жабдықтармен жарақтанған жаттығу залы және топтық сабақтарға арналған зал. Залдың есігі кез-келген адамға ашық, ал мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жабдықталған кабинетте жаттығу терапиясының кәсіби нұсқаушылары тегін сабақтар жүргізеді.
Сауықтыру бағдарламаларын жасау кезінде жергілікті қоғамдастықтың талап-тілегі ескерілді және қосымша орталықта қарт адамдарға арналған каратэ, йога және бос уақыт клубы секциялары жұмыс істейді.
«Біздің мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандар мен дені сау адамдарды бір залда біріктіру. Олар бір-біріне шабыт береді, араласады», - дейді жоба бастамашысы әрі жетекшісі Динара Наумова.
Инклюзивті фитнес орталығы