contest-img

«Артефакт» ғылыми-іздестіру жобасын Музей Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мұрасын сақтау және ілгерілету жөніндегі міндеттерді іске асыру шеңберінде әзірледі.

Жобаның мақсаты архив, кітап және музей қорларын анықтау, толықтыру, жинақтау үшін ғылыми-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін көпшілікке танымал ету мақсатында жиналған материалдарды ғылыми зерттеу болып табылады.

Музей жинағының тарихи-мемориалдық ресурсы Тұңғыш Президенттің қызметі мен тарихи мұрасы арқылы Қазақстанның жаңа саяси тарихын зерттеу ісіндегі шексіз дереккөз болып табылады. Жүйелі ғылыми-іздестіру, жинақтау жұмыстарының негізінде архивтік-деректі, кітап және музей қорлары үнемі толықтырылып, дамитын болады, оларға қоғамдық қолжетімділік қамтамасыз етіледі және зерттеу нәтижелерін танымал ету қамтамасыз етіледі.

Жобаның маңызды ресурсы – Қазақстан мен шет мемлекеттердің ғылыми мекемелерімен, архивтерімен, оқу орындарымен, жоғары оқу орындарымен, музейлерімен әріптестік қатынастар орнату, осының негізінде іздестіру, жинақтау міндеттері іске асырылатын болады.

«Артефакт» ғылыми-іздестіру жобасы

123456

Әлеуметтік навигатор