news-img

Құрметті достар!

Елімізде қабылданған карантиндік шаралар «Елбасы Медалі» бағдарламасының іске қосылуына елеулі әсер етуде.

Пандемия, өкінішке орай,  жобаға тартылған мамандарды: тәлімгерлер, сарапшылар мен өңірлік үйлестірушілерді де айналып өтпеді.  Осы себепті біз жобаға қатысуға өтінім бергендердің барлығымен бірдей байланысқа шыға алмадық. 

Алайда, қиындықтарға қарамастан, біз жоба жұмысын жалғастырудамыз және жақын арада алғашқы қатысушылар Елбасы Медалінің тапсырмаларын орындай бастайды. Жобаға қатысуға өтінім бергендердің барлығын шыдамдылық танытуын  сұраймыз. Біз әрқайсыңызды алдағы іс-әрекеттер туралы міндетті түрде хабардар етеміз.

Құрметпен, «Елбасы Медалі» бағдарламасының командасы.

Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
тіркеліп тіркелмегенімізді қалай білуге болады?

comments-author-avatar
Қайырлы кеш!  Жалпы қатысушылардың тізімін көруге бола ма?