news-img

Бүгін «EL ÚMITI» онлайн-платформасы үшін ең үздік идеяны таңдау байқауына өтінімдер қабылдау аяқталды. Осы уақыт ішінде байқауға республиканың барлық өңірінен 180-нен астам өтінім келіп түсті. Өз уақытын бөліп, бірегей идеяларды ұсынғандардың барлығына алғыс айтамыз.

Келесі кезеңде байқау комиссиясының отырысында үздік ұсыныстың авторы таңдалады. Байқау нәтижелері www.fnn.kz ресми сайтында жарияланады. 
 
Жеңімпазды марапаттау Байқау комиссиясының отырысынан кейін 20 жұмыс күні ішінде өтеді.  Үздік деп танылған бір жеңімпаз 100 000 теңге көлеміндегі жүлдеге ие болады.  

 

Түсініктеме қалдыру